Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Нұрзат Мұқанқызының жетекшілігімен «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранты Дүйсенбі Динара Темірбайқызы ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 сәуір күні «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазіргі Қазақстандағы христиандық» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында христиандық сенім негіздеріне кіріспе шолу жасалып, христиан дінінің Орта Азия жеріне таралу тарихы және таралуына себеп болған негізгі оқиғалар талқыланды. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, сараланды.
Ашық сабақ қазіргі кездегі христиандық шіркеулердің өмір үрдісі туралы ақпараттармен және студенттердің сабақтан түйгендерін ортаға салып, кафедраның аға оқытушысы Нұрзат Мұқанқызы ашық сабағымызға өз пікірін айтып, алғыс білдірумен қорытындыланды.